Ссылки доступа

Қарақалпақстанда милиция бөлімінде есінен айрылған жігіт қайтыс болды


39 жастағы Ильхомбой Садуллаев 26 шілдеде Төрткүл аудандық милиция бөлімінде комаға түскен. Ол 11 тамызда ауруханада қайтыс болды.

Садуллаевтың әйелі Чамангүл Гаджиеваның айтуынша, оны милицияға алып кеткенде дені сау болатын. Милиция бөлімінде Ильхомбайды ұрған, соның салдарынан ол комаға түскен, дейді марқұмның әйелі. Аудандық прокуратура жергілікті тұрғынның қазасына байланысты алдын ала тексеру бастады.

Чамангүл Гаджиеваның айтуынша, 26 шілдеде үйде ішіп келген Ильхомбой Садуллаев жанжал шығарған. Оны естіген көршілері милиция шақыртқан.

– Күйеуім ішіп келіп, шу шығара бастады. Бірақ маған қол көтермеді. Көршілерім милиция шақыртқан. Олар келем дегенше, күйеуім тынышталған. Сонда да оны милицияға алып кетті. Екі сағаттан соң мені де сонда шақырды. Күйеуім комада жатыр екен. Оның басы су екен. Өкшесі қызарып кетіпті, кейін ауруханада ол жер көгерді. Желке тұсында көгерген ісік болды. Милиция қызметкерлері ештеңе істемедік дейді. Жедел жәрдем шақыртып, бізді ауруханаға апарды, - деді марқұмның әйелі.

Ильхомбай Садуллаев комадан шықпаған күйі 11 тамызда қайтыс болды.

Төрткүл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінің басшысы Абдурасул Раджаббоевтың хабарлауынша, Садуллаев бас жарақатынан қайтыс болған.

19 тамызда Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 39 жастағы Ильхомбой Садуллаев қазасын арнайы жұмыс тобы тексереді.

XS
SM
MD
LG