Ссылки доступа

Қырғызстанда үш жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр


Бішкек, Ош және Нарын қалаларында жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр. Үш ауруханада 270 науқас емделеді, деп хабарлады республикалық коронавируспен күрес жөніндеді штаб.

Бұған қоса, Шу, Баткен, Жалал-Абад, Ыстықкөл, Ош және Талас облыстарында тоғыз медициналық мекемеде күрделі жөндеу жасалады.

Қырғызстанда коронавирус эпидемиясы өршіген сәтте ауруханаларда орын болмады. Сол себепті Бішкек пен басқа да қалаларда күндізгі және түнгі стационарлар ашылып, науқастар алғашқы көмек алды. Спорт залдар, мейрамханалар және қонақ үйлер стационарға айналды.

XS
SM
MD
LG