Ссылки доступа

Қырғызстан соты адам құқығын қорғаушы Әзімжан Асқаров адвокаттарының уәжін ескермеді


Хадича Аскарова, супруга скончавшегося в заключении правозащитника Азимжана Аскарова.

Бішкек қалалық соты өткен айда қайтыс болған адам құқығын қорғаушы Әзімжан Асқаров адвокаттарының апелляциялық шағымын қарап, осы іс бойынша Бішкек әкімшілік сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Екі ай бұрын, 12 маусымда, Бішкек әкімшілік соты "үкімет Әзімжан Асқаров құқықтарын бұзбады" деген тұжырымға келген. Бұған келіспеген адвокаттар қалалық сотқа шағымданған. 20 тамызда қалалық сот бұған дейін қабылданған шешімді өзгертпей, істі қайта қараудан бас тартты.

Адам құқығын қорғаушы Әзімжан Асқаров 25 шілдеде №47 түзеу мекемесінде "пневмониядан" қайтыс болды. Ол 31 шілдеде Өзбекстанда жерленді.

XS
SM
MD
LG