Ссылки доступа

Тәжікстанда төрт жастағы қыз зорланған


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Турсунзаде қаласының прокуратурасы төрт жастағы қыздың зорлануына қатысты істі қарап жатыр. Әзірге ешкім қамауға алынбады, деп хабарлады прокуратура.

Арызды қыздың анасы түсірген. Оның айтуынша, зорлық әрекетті бұрынғы күйеуінің ағасы жасаған.

25 жастағы М.М.-нің айтуынша, төрт жастағы қызын тамыз айының басында бұрынғы күйеуінің ата-анасының үйінде зорлаған.

"Күйеуіммен ажырасқалы үш жыл өтті, ол маған алимент төлейді, сол себепті қызымен кездесе алады. Құрбан айт қарсаңында күйеуімнің ағасы мен әпкесі қызымды алып кетті. Ертесіне бұрынғы қайын атам хабарлап, қыз ауырып қалды деп хабарлады. Мен қызымды ауруханаға алып бардым. Дәрігерлер бірнеше сағат ота жасап, қыздың зорланғанын айтты", - дейді ана.

Сот-медициналық сараптама қыздың зорланғанын растаған.

Алайда М.М.-нің бұрынғы күйеуінің отбасы бұны жоққа шығарып отыр.

Турсунзаде қалалық прокуратурасы "кәмелет жасқа толмаған азаматты зорлау" қылмысы бойынша іс қозғалғанын растады. Тексеру жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG