Ссылки доступа

Бішкектен Ташкентке экстрадицияланған журналист Абдуллаев қолхатпен босатылды (видео)


Бобомурод Абдуллаев.
Бобомурод Абдуллаев.

Қырғызстан құқық қорғау органдары 22 тамыз күні Өзбекстанға берген тәуелсіз журналист өзін дұрыс ұстау туралы қолхат жазып, босатылды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі журналистің адвокаты Сергей Майоров хабарлады.

– Бобомурод Абдуллаевты өзін дұрыс ұстау туралы қолхат негізінде босатты. Яғни оны тергеу аяқталғанша жауап алу үшін шақыруы мүмкін. Сонымен қатар ол тергеушінің рұқсатынсыз Өзбекстан ішінде емін-еркін жүре алмайды және шетелге шыға алмайды. Өзбекстан заңнамасына сәйкес, тергеудің жалпы мерзімі үш айды құрайды, – деді адвокат Майоров.

Адвокат ақпаратты таратпау туралы қолхатқа сілтеп, тергеу деректерін айтудан бас тартты. Оның сөзінше, тергеушілер оған дұрыс қараған, ешқандай психологиялық немесе физикалық қысым жасамаған. Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен шыққан соң, ол қарындасының үйіне барған.

Журналистің Хорезм облысының Үргенші қаласында тұратын анасы Гавхаржон Мадаминова Азаттыққа кешкі 11.00 шамасында ұлымен сөйлесе алғанын айтты.

– Қызым қоңырау шалып, осы бір қуанышты жаңалықты жеткізді. Мен Бобомуродтың өзімен де сөйлесе алдым. Ұлым маған: «Анашым, мені босатты, алаңдамаңыз, менде бәрі жақсы. Қажет болса, Хорезмге де бара аламын» деді. Ұлыма қатысты қылмыстық істің тоқтап-тоқтамағанын білмеймін. Оны сұрақ қойып мазаламадық, шаршап тұрды. Қазір ол демалып жатыр, – деді ол.

Сенбі, 22 тамыз күні кешке Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Өзбекстанның өтініші бойынша журналист Бобомурод Абдуллаевты Ташкентке бергені белгілі болды.

Қырғызстан қауіпсіздік комитеті өз елінде «конституциялық құрылымға қол сұқты» және «президентке қол сұқты» деп айыпталған Абдуллаевты 8 тамыздың кешінде Бішкектегі дәмханалардың бірінен ұстаған. Комитет журналисті Өзбекстан өтініші бойынша ұстағанын мәлімдеген. 10 тамыз күні

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бішкекті Өзбекстанға бермеуге шақырып, оған Германияға кетуге рұқсат беруді сұраған. Human Rights Watch экстрадиция жасайтын болса, «Абдуллаевты азаптауы мүмкін» деп мәлімдеді.

Бобомурод Абдуллаев Қырғызстанға биылғы ақпанда Орталық Азиядағы Америка университетінің шақыруы бойынша келген. Журналист университетте төрт айлық оқу бағдарламасына қатысты. Алайда оқудың аяқталуы Қырғызстанның коронавирус пандемиясына байланысты шекарасын жабуына тап болып, Еуропаға ұшып кете алмады. Қырғызстанға келмес бұрын ол бірнеше ай бойы Германияда тұрған. Ол елге Абдуллаев Өзбекстан түрмесінен босап шыққан соң «Шекарасыз тілшілер» ұйымының шақыруымен барған.

Абдуллаевты қамауға алған соң, «Шекарасыз тілшілер», Amnesty International, Freedom House, Human Rights Watch және көптеген өзге құқық қорғау ұйымдары, сондай-ақ АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстаннан оны босатуды сұраған.

2018 жылы Ташкент соты Абдуллаевты конституциялық құрылымға қайшы деген жазбалары үшін түзету жұмыстарына кескен. Журналист үкім шыққанға дейін сегіз ай бойы тергеу изоляторында болған.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, Өзбекстан тарапы журналистің қорғалуына барлық жағдайды жасауға, азаптамауға және қорламауға кепілдік берген.

Выдаст ли Бишкек Ташкенту оппозиционного журналиста?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

XS
SM
MD
LG