Қамалғандарға әкімшілік кодекстің қандай баптары бойынша айып тағылғаны белгісіз. Бұл бойынша елдің құқық қорғау органдарынан мәлімет алуға мүмкін болмады.
Түркіменстанда бұғатталған сайттарға кіруге мүмкіндік беретін VPN-сервистерді орнатуға қарсы шаралар шетелдегі түркімен азаматтары президент Гурбангулы Бердімұхамедовке қарсы акцияларды өткізе бастағаннан кейін күшейді.
Түркіменстан жыл сайын халықаралық ұйымдардың баспасөз және интернет еркіндігі бойынша түзілетін индекстерінде соңғы орындарды иеленеді. Елде әлеуметтік желілер, мессенджерлер, бірқатар ақпарат сайттары, оның ішінде Азаттықтың түркімен қызметінің сайты бұғатталған.