Ссылки доступа

Лукашенко наразылық акциясы кезінде үстіне оқ өтпейтін кеудеше киіп, қолына қару алып жүрді


Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенко Минскіде жүз мыңға жуық адам жиналған қарсылық акциясы аясында үстіне оқ өтпейтін кеудеше киіп, қолына автомат ұстап жүрген. Бұл видеокадрлар мемлекеттік "Белта" ақпарат агенттігінде жарияланды.

Агенттік сонымен бірге Лукашенконың тікұшақпен Тәуелсіздік сарайы үстінен ұшып бара жатқан видеосын да жариялады. Кадрда Лукашенконың төмен қарап, "Егеуқұйрық секілді қашып кетіпті" деген сөздерін естуге болады.

Видеодан Лукашенконың 15 жастағы ұлы Николайды да байқауға болады. Ол да оқ өтпейтін кеудеше мен каска киген. Оның қолында да қару бар.

Жексенбі күні Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы жаңа акция өтті. Халық Тәуелсіздік алаңына жиналды. Кейін президент резиденциясына қарай маршпен жүрді. Бірақ олардың жолын ОМОН жапты. Лукашенконың баспасөз қызметі мемлекет басшысының күш құрылымы өкілдеріна алғыс айтып жатқан видеосын таратты. Онда кейбірі "Сізбен соңына дейін біргеміз" деп жауап беріп жатады.

Беларусьте жаппай қарсылық шарасы екі аптадан бері, 9 тамызда президент сайлауы өткеннен кейін жалғасып келеді. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижесі бұрмаланды, қарапайым халыққа күш көрсетті дейді. Митинг кезінде кемінде үш адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG