Ссылки доступа

Қырғызстанда "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңі басталды


Қырғызстанда "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңі жарияланды. Жоба бүкіл елді қамтиды.

Мемлекеттік ақпараттық технология және байланыс комитетінің хабарлауынша, "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңі жеті облысқа, республикалық маңызы бар екі қалаға, 73 елді мекенге тарайды. 306 жерге қондырғы орнатылады. 3 мыңға жуық бақылау камерасы қойылады.

Еске салайық, комитет "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін Қытайдың Shenzhen Sunwin Intelligent Co. Ltd. компаниясымен келісімге отырған. Қытай компаниясы тендерде жеңіске жетті. Қызмет құны - 2 млрд 654,558 млн сом (38 млн доллар). Компания жобасы 12 айдың ішінде іске қосуы тиіс.

XS
SM
MD
LG