Ссылки доступа

Минскіде Үйлестіру кеңесінің екі мүшесі ұсталды


Минск көлік зауытында арнайы жасақ Үйлестіру кеңесі президиумының мүшелері Ольга Ковалькова мен Сергей Дылевскийді ұстады, деп хабарлады "Беларусь головного мозга" телеграм-арнасы.

Nexta телеграм-арнасының хабарлауынша, оларға рұқсат етілмеген жаппай шара ұйымдастырды деген айып тағылған.​

Бұның алдында Ольга Ковалькова "Настоящее Время" телеарнасына "билікті басып алуға үндеді" деген айыппен тергеуге шақыруға талпынып жатқанын мәлімдеген.

Минск қаласы мен Беларусьтың басқа да қалаларында екі аптадан бері бейбіт наразылық акциялары өтіп жатыр. Азаматтар Александр Лукашенко жеңімпаз деп жарияланған президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейді.

23 тамызда Минск қаласы мен басқа да қалаларда "Жаңа Беларусь маршы" өтті. Оған МЗКТ, МАЗ, МТЗ, ММЗ, "Мотовело", "Планар" зауыттарының жұмысшылары, сонымен бірге Лукашенко жүйесіне қарсы азаматтар қатысты.

Минскідегі бейбіт шеру кезінде Александр Лукашенко автомат ұстап жүрді. Оның 15 жастағы Николай есімді ұлы да қару ұстаған. Қару асынған Лукашенконың тікұшақтан түскен сәті бейнеленген видеоны Беларусь президентінің баспасөз қызметі жариялады.

XS
SM
MD
LG