Ссылки доступа

Неміс клиникасы Навальныйдың уланғанын растады


Charité неміс клиникасының дәрігерлері ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың "ингибитор холинэстераз тобына жататын улы заттан уланғанын" мәлімдеді. Бұл жөнінде Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш твиттерге жазды.

Немецкая клиника: Навальный был отравлен
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Неміс дәрігерлері Навальныйдың нақты неден уланғанын хабарламады. Хабарламада "Навальныйдың ағзасынан холинэстераз тәуелсіз зертханаларда жүргізілген талдауларда бірнеше рет табылғаны" жазылған.

"Диагнозға сай, науқасқа антидот атропин беріледі. Дерттің қалай әсер ететіні белгісіз, жүйке жүйесіне ұзақ уақыт әсер етуі де мүмкін" деді клиника.

Германиялық дәрігерлердің сөзінше, Навальный әлі де жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр, дегенмен өміріне қауіп жоқ.

Кира Ярмыш Навальныйдың улануына байланысты қылмыстық іс қозғалмады деді. Олар бейсенбі күні арыз жазған, үш күн ішінде тергеу органдары шешім қабылдауы тиіс. Бірақ олай болмаған.

Навальный 20 тамызда "уланған болуы мүмкін" деп Омбы ауруханасына түскен. Навальный осы күні Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқанда жағдайы күрт нашарлап, ұшақ Омбы қаласына қонған. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген.

Басында Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілген.

Ресейлік дәрігерлер Навальныйдың алғашқы анализдерінен улы зат табылмағанын хабарлаған еді. Бірақ оның жақтастары саясаткердің уланғанын айтқан.

Ингибитор холинэстераз – ацетилхолинэстераз ферменттерінің жұмысын баяулататын химиялық зат. Бұл зат адам ағзасына түссе жүйке жүйесінің, мидың жұмысына кері әсер етеді.

XS
SM
MD
LG