Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстанға өкпені жасанды желдететін 200 аппарат жіберді


Құрама Штаттар Өзбекстанға жалпы құны 2,5 млн доллар болатын өкпені жасанды желдететін 200 аппарат жіберді. Бұл жөнінде АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі хабарлады.

"Аппараттар президент Дональд Трамп маусым айында мәлім еткендей, гуманитарлық көмек ретінде жіберіліп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Аппараттарды Американың Zoll Medical Corporation компаниясы арнайы Өзбекстанның тапсырысы бойынша жасап шығарған.

Америкалық құрылғылар Өзбекстанның барлық аймағындағы 62 медициналық мекемесіне таратылады.

XS
SM
MD
LG