Ссылки доступа

Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан тәжіктің екі ұшқышы қайтыс болды


Оңтүстік Суданда Ан-26 жүк ұшағы апатқа ұшырап, тәжікстандық екі ұшқыш Парвиз Кадыров пен Мирсултон Мирахмедов қайтыс болды. Бұл жөнінде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, жергілікті БАҚ хабарлайды.

Қайғылы оқиға 22 тамызда болған. South West Aviation әуе компаниясының ұшағы Вау және Авейль елді мекеніне қарай ұшып бара жатқанда, құлап түскен.

Тәжікстан СІМ мәліметінше, Кадыровтың Оңтүстік Суданға жұмысқа аттанғанына бір-ақ апта болған. Оның бауыры Хуршед министрліктен ағасының денесін еліне жеткізуді сұрайды.

Ал Мирсултон Мирахмедов Ресей азаматтығын алған.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ұшақ апатынан 17 адам қайтыс болған. Тек бір ғана адам аман қалған. Оны ауруханаға жеткізген.

XS
SM
MD
LG