Ссылки доступа

Өзбекстанда халық санағы қашан өтетіні белгілі болды


Өзбекстанда халық санағы 2022 жылдың 1- 25 қараша аралығында өтеді. Бұл ел тәуелсіздік алғалы алғаш рет ресми санақ болмақ. Соңғы рет 1989 жылы жүргізілген.

2021 жылы өзбек билігі сынақ санағын жүргізіп көрмекші.

Үкімет қаулысына сәйкес, санақ жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмысқа тартылады. Сонымен бірге санақ жүргізуде қателеспеу үшін, 2021 жылдың 1 тамызынан 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақ құруға және нысандардың атауын өзгертуге тыйым салынады.

Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің сайтында "бұл кампанияны жүргізудегі басты мақсат әлемдік нарықта Өзбекстанның бәсекеге қабылеттігін арттыру, елдегі халық потенциалын тексермей, бұған жету мүмкін емес" деп атап өткен.

XS
SM
MD
LG