Ссылки доступа

Қырғызстан 2022 жылдан бастап ауруханаларда ВИЧ жұқтырғандарға өтемақы төлейді


Қырғызстан президенті "Қырғызстандағы ВИЧ/СПИД жөніндегі заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі" заңға қол қойды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, жасы 18-ге толған және кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен олардың ата-аналары денсаулық сақтау саласы мекемесінде ВИЧ/СПИД жұқтырып алатын болса, оларға бір реттік ақшалай өтемақы төленеді.

Заңда көрсетілгендей, ақшалай өтемақының көлемі 100 мың сомнан кем болмауы тиіс.

Президент қол қойған заң 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Ресми мәлімет бойынша, 2005 жылдан 2018 жылдың 1 мамырына дейін 14 жасқа дейінгі 632 бала медициналық мекемелерден ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. 2018 жылғы көрсеткіш бойынша, олардың 45-і қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG