Ссылки доступа

Тәжікстанда оппозициялық партия жетекшісі президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді


Рахматилло Зойиров
Рахматилло Зойиров

Тәжікстан социал-демократия партиясының төрағасы Рахматилло Зойиров президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Ол партияның саяси кеңесі сайлауға бойкот жариялайды деп үміттенеді.

Тәжікстанда президент сайлауы биыл 11 қазанда өтеді.

Саясаткердің пікірінше, елде Сайлау туралы заң Тәжікстан Конституциясынан бұрын қабылданды, құжатта Тәжікстан президентін сайлау туралы айтылмаған, сол себепті бұл құжат заңға қайшы келеді.

Зойировтың мәлімдеуінше, Тәжікстанның қазіргі президенті саяси партияның жетекшісі болмауы тиіс, оның үстіне елде көп партиялы жүйе сақталмады, бір партияның жүйесі орнады.

Саясаткердің айтуынша, сайлаушылардың бес пайызының (250 мың адам) жинау мүмкін емес. Ол биліктің басқа да саяси партияларға қол жинауға көмектесетініне сенімді.

"Мен, Тәжікстан азаматы және ТСДП жетекшісі ретінде, сайлауға түспеймін. Конституцияға қайшы, халыққа қарсы сайлауды заңдастыруға араласқым келмейді", деп мәлімдеді Рахматилло Зойиров.

Өткен аптаның соңында социал-демократтар жетекшісі партия белсенділері президент сайлауына қатысуға қарсы шығып жатқанын айтқан.

Тәжікстанда кезекті президент сайлауы 11 қазанда өтеді. Тәжікстан президенті жеті жылға сайланады. Үміткер Тәжікстанда кем дегенде он жыл тұруы, мемлекеттік тілді білуі, жоғары білімі болуы және 30 жасқа толуы тиіс.

XS
SM
MD
LG