Ссылки доступа

Ташкентте күйеуімен жанжалдасып, суға секірген әйелді құтқарып қалды


Өзбекстанда суға ағып өлмек болып, Шыршық арнасына секірген әйелді құтқарып қалды. Оқиға 24 тамызда болған.

Сол күні түстен кейін Н.К. есімді келіншек күйеуімен жанжалдасып қалған. Ол Шыршықтағы Бузсув арнасындағы көпірден секірген.

Куәгерлер құтқарушыларды шақыртқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелді судан алып шықты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір Н. К. есімді азаматтың жағдайы бірқалыпты.

XS
SM
MD
LG