Ссылки доступа

"Қырғызстан" партиясының жетекшісі комиссиядағы жанжал туралы: Олар мықты бәсекелесті тіркегісі келмеді


"Қырғызстан" партиясының жетекшісі Қанатбек Исаев партия өкілдері құжатты Орталық сайлау комиссиясына уақытында тапсырып үлгерді. Комиссиядағы жанжалды ол "сайлауда жеңіске жетуі мүмкін партиялардың бірін" осылай шеттеткісі келді деп сипаттады.

"Олар әділ бәсекеден қорқады. "Қырғызстан" партиясы өткен сайлауда 200 мыңнан астам дауыс жинады. Қазір одан да көп дауыс жинайтын мүмкіндігі бар. Бәсекелестер, өкінішке орай, әділ күрестен қашқақтайды", - деп мәлімдеді Исаев баспасөз конференциясында.

Партия құжаттарын комиссияға өткізуге ер адам барған, ал комиссияда партияның уәкілетті өкілі ретінде әйел адам тіркелген. Қанат Исаевтың мәлімдеуінше, құжаттарды партия қызметкері сенімді өкіл ретінде өткізген.

Орталық сайлау комиссиясы журналында партияның келу уақытын сағат 17:59-ға түзетілуін Исаев комиссия қызметкерлерінің тірлігі деп атады. Оның айтуынша, партия бұл іске араласпаған.

Саясаткердің мәлімдеуінше, Орталық сайлау комиссиясы "Қырғызстан" партиясын тіркемеу туралы шешім шығарса, партия "заң ережелеріне сай әрекет етеді".

Заң бойынша, Орталық сайлау комиссиясы партиялардан құжаттарды қабылдауды 24 тамызда сағат 18:00-де доғаруы тиіс. Бірақ уақыт аяқталар сәтте комиссияда жанжал шықты - бәсекелестер "Қырғызстан" өкілдері құжаттарды уақытында тапсырып үлгермеді деп есептейді.

ОСК ғимаратына партия өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері және журналистер жиналды. Олар "Қырғызстан" партиясының өкілдері құжаттарды қашан тапсырғанын анықтауға болатын видеоны көрсетуді талап етті. Жиналғандарды ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова қабылдады. Ғимараттағы камера түсірген видео мен келушілер тіркелетін журнал көрсетілді.

Видеода көрсетілген уақытқа сенсек, партия өкілі сағат 18:00-ге дейін келіп үлгермеген. Бұған қоса, комиссия журналында "Қырғызстан" партиясының өкілі келген уақыт 17:59-ға түзетілген, бірақ оған ешкім қол қоймаған.

XS
SM
MD
LG