Келісімде "Арзамас машина жасау зауытының" екі батальонға арналған БТР-82А кешенін және төрт Ми-35М тікұшағын жеткізу туралы айтылған.
Бұған қоса Беларусь "Алмаз-Антей" концернінен 2021-2025 жылдары әуе қорғанысына қарсы жүйелер алуға келіскен.
Бейбіт наразылық шерулері өтіп жатқан уақытта Беларусь қорғаныс министрлігі запастағыларды әскерге алу туралы жариялады.
"24 тамызда, Беларусь қорғаныс министрінің қаулысына сәйкес, Қарулы күштердің әскери дайындығын тексерудің үшінші кезеңі басталды" делінген қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.
Хабарларға қарағанда, Беларусь Қарулы күштері Литва шекарасына жақын маңдағы Гродненск облысында ауқымды әскери оқулар өткізіп жатыр.
22 тамызда Беларусь президенті Александр Лукашенко республиканың НАТО-мен шекарасында - Польша және Литва аумағында - түрлі "қозғалыстар" болып жатыр деп мәлімдеген, соған байланысты Қарулы күштердің негізгі бөлігі толықтай әскери дайындық жағдайына көшті.
Минск және елдің басқа да қалаларында екі аптадан бері бейбіт наразылық акциялары өтіп жатыр. Оған қатысушылар президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейді. ОСК сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жетті деп жариялаған.