Ссылки доступа

Тоқаев "дағдарыстан кейінгі дамуға" байланысты халыққа жолдау жасайды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа екінші жолдауы "дағдарыстан кейінгі елдің дамуына" арналмақ. Осылай деп оның баспасөз хатшысы Берік Құрманғали мәлімдеді.

Жолдау 1 қыркүйекте парламенттің қос палатасының отырысында жарияланбақ.

Құрманғалидың сөзінше, Тоқаев жолдауының басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналмақ.

Тоқаев былтыр президент болып сайланғаннан кейінгі халыққа алғашқы жолдауында болашақ ұрпақ үшін Ұлттық қор қаржысын пайдалануды қысқарту қажеттігін айтқан. Бірақ соңғы жылдары Ұлттық қордың ақшасын пайдалану ұлғайып жатыр. Мәселен, биыл коронавирус пандемиясына байланысты туындаған дағдарысқа байланысты Ұлттық қордан 4,7 триллион теңге ақша алынды. Бұл жоспарланғаннан екі есеге көп.

Коронавирус дағдарысы кезінде мұнай бағасы түсіп, Қазақстан экономикасы қатты соққы алып жатыр. Биыл COVID-19 вирусына байланысты екі рет (көктем мен жаз) карантин жарияланды. Кәсіпорындар мен қызмет көрсету секторлары тоқтады. Қазір Brent мұнайы барреліне 40 доллардан сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG