Ссылки доступа

Душанбе билігі түнгі клубтардың жұмысын "реттемек"


Душанбе көшесі. Мұрағат суреті

Душанбе билігі қала тұрғындарының тынышын алып жатқан түнгі клубтардың жұмысын жөнге салу бойынша комиссия құрды.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, комиссия құруға қала тұрғындарының шағымы себеп болған. Комиссия құрамына қалалық кеңес депутаттары, құқық қорғау органдарының және бас қаланың тиісті қызметтерінің өкілдері кірді.

Жергілікті тұрғындар түнгі клубтар түн ортасына дейін істеп, музыканың үнін қатты қоятынын айтқан. "Клубтағы музыканың дауысын қатты қояды, ондағы адамдар қатты сөйлесіп, былапыт сөздер айтады",- дейді қала тұрғындарының бірі.

Душанбе қалалық даму және сауда департаментінің маманы Дилшод Махсумов ресми түрде 23.00-де жабылуы керек болған түнгі клубтар 12.00-ге дейін, кейбір жерлерде түнгі бірге дейін істеп жатқанын мәлімдеді.

Душанбедегі көңіл көтеру мекемелерінің бір өкілі Диловар Рузиев құжаттарға сәйкес, 23.00-де жабылу керек екенін, бірақ пандемияға байланысты соңғы адам қалғанға дейін істейтінін айтты.

"Қазір коронавирус пандемиясына байланысты адамдар азайып, айқай-шу жоқ. Сондықтан тұрғындардың шағымдануы түсініксіз", - деді ол.

XS
SM
MD
LG