Ссылки доступа

Өзбекстанда жаңа жылдан бастап бірқатар лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары жойылады


Өзбекстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап лицензияның 37 түрі және рұқсат беретін 10 құжат жойылады. Тиісті жарлыққа өлке президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.

Оған сәйкес, 1 қаңтардан бастап:

  • 37 лицензия және рұқсат беру құжаты;
  • біріктіру арқылы 16 лицензия және 11 рұқсат беру құжаты;
  • хабарлау тәртібін кіргізу мен 17 лицензия және 14 рұқсат беру құжатының күші жойылады;
  • лицензиялық қызметтердің 14 түрі мен рұқсат беруші құжаттар екі есеге дейін қысқартылады;
  • 115 лицензияны және рұқсат беру құжаттарын алу жеңілдетіледі;

Сонымен бірге несие бюроларын лицензиялауда кемінде 10 коммерциялық банк пен несие ақпараттарын алмасуға рұқсат беретін құжаттар жойылады.

XS
SM
MD
LG