Ссылки доступа

"Қырғызстан" партиясы ОСК шешімін сотта дауламақ (видео)


"Қырғызстан" саяси партиясы Орталық сайлау комиссиясы жұмысшы тобының шешіміне қарсы сотқа арызданбақ. Бұл туралы партия лидері Канатбек Исаев мәлімдеді.

25 тамызда ОСК жұмыс тобы "Қырғызстан" партиясының парламент сайлауына қатысу үшін тапсырған құжаттарын кері қайтарған. Жұмысшы топ құжат тапсыру кезінде ереже бұзылған деп санайды.

Заң бойынша Жогорку Кеңешке сайлауға түсетін партиялардан үміткерлер тізімі және тиісті құжаттарды қабылдау 24 тамызда сағат 18.00-де тоқтатылуы керек болған.

ОСК тіркеу журналында "Қырғызстан" партиясының құжаттарды қабылдау уақыты 17:59 деп жазылған.

Видео камераларда олардың белгіленген уақыттан бірақ кешіккені көрсетілген. Белсенділер мен өзге партиялар бұған наразылық білдіріп, мәселені жұмысшы топ қарай бастаған.

Құжаттарды партия көрсеткен адамнан басқа адам тапсырғаны да талас туғызды. ОСК төрайымы мұнда да заң бұзылған деп санайды.

Партия өкілдері болса, мұны техникалық қате деп сипаттайды.

120 мандатты Жогорку Кеңешке сайлау 4 қазанда белгіленген. Алғаш сайлауға 44 партия түсетінін мәлімдеген, бірақ 24 тамызда олардың 17-сі ресми тіркеуге алынды.

XS
SM
MD
LG