Ссылки доступа

Тәжік теологы Хайриддин Абдулло қамаудан босатылды


Хайриддин Абдулло
Хайриддин Абдулло

Тәжікстанда 35 жастағы діни және қоғам белсендісі Хайриддин Абдулло (Достаков) сегіз ай қамауда отырғаннан кейін, бостандыққа шықты. Ол былтыр желтоқсан айының аяғында Мәскеуден ұшып келгенде Душанбе әуежайында ұсталған.

Тәжікстан бас прокуратурасы Абдуллоға қарсы "Экстремистік іс-әрекетке шақыру" және "Экстремистік ұйым құру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, сот қамауға алу шешімін шығарған.

Хайриддин Абдулло тергеу абақтысынан 25 тамызда шыққанын мәлімдеді.

"Тергеу ісі маған қарсы дәлел таппады. Олар менің Ресейдегі жұмысымды тексерді, ол жақта мен ешқандай заң бұзған емеспін. Тергеу қорытындысы бойынша, маған қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату шешімі шықты", - деді ол.

2015 жылы Мәскеуде Хайриддин Абдуллоға қастандық жасалып, ол ауруханаға түскен. Онда Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі оның көптеген жылдар бойы тәжік жастарының экстремистік топтарға кіріп кетпеуіне үндеп келгенін жеткізген.

Иранда жоғары оқу орнын аяқтаған Хайриддин Абдулло соңғы тоғыз жылдан бері Ресейде жұмыс істеген. Әлеуметтік желі қолданушылары оны шиизм идеяларын насихаттайды деп айыптап келеді. Бірақ ол мұны теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG