Ссылки доступа

Өзбекстан коронавирусқа қарсы егу бағдарламасына қосылды


Өзбекстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы егу бағдарламасына қосылды. Бұл туралы 25 тамызда республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

“ДДСҰ-ның Еуропа аймағы бюросының өкілдері Олег Стороженко мен Таня Шмид қазір елде жүр. Олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатыр" делінген министрлік хабарламасында.

Мәліметтерге қарағанда, "ұйым вакцина өндірушілердің барлығымен әріптес болған". Мұндай механизм ұйымға мүшге елдердің вакцина алуына мүмкіндік береді.

Женевадағы брифингте ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусқа қарсы вакцина дайындау және тарату жөніндегі COVAX халықаралық механизміне 172 ел қосылғанын мәлімдеді.

Қазір ДДСҰ-да коронавирусқа қарсы тоғыз түрлі вакцина бар.

XS
SM
MD
LG