Ссылки доступа

Өзбекстанда мектептердің дені сабақты 14 қыркүйекте бастайды


Өзбекстанның халық білімі министрлігі мектептердің басым бөлігінде сабақты 14 қыркүйекте бастау туралы шешім қабылдады. Аудандардағы шағын мектептер сабақты 7 қыркүйекте сынақ түрінде бастайды.

Онлайн сабақ форматы да бар, ата-аналар таңдау жасай алады, деп жазды халық білімі министрі Шерзод Шерматов Telegram-арнасында.

Министрдің айтуынша, мамандар жаңа оқу жылын бастаудың үш түрлі нұсқасын дайындады: мектептерді ашып, сабақ бастау; онлайн сабаққа көшіп, аралас формат қолдану; тек қана онлайн сабақ.

Халық білімі министрлігі ата-аналар арасында сауалнама жүргізген. Оған бір миллион адам қатысқан. Ата-аналардың 70 пайызы онлайн сабақты жақтаса, 30 пайызы баласын мектепте оқытқанды жөн көреді.

XS
SM
MD
LG