Ссылки доступа

Қазақстаннан Қырғызстанға экстрадицияланған экс-депутат Дамир Асылбек уулу рақымшылықпен түрмеден шықты


Қазақстанда "контрабандаға" қатысты қылмыстық іс бойынша сотталған бұрынғы қырғыз депутаты рақымшылықпен бостандыққа шықты.

Бұл туралы Қырғызстанның Жоғарғы соты хабарлады. Сот үкімді қайта қараған еді.

Жоғары соттағылардың мәлімдеуінше, іс "жаңа мәліметтер пайда болуына байланысты" қайта қаралған. Дамирбек Асылбек уулу "қылмыстық топ ұйымдастырды" деген айып бойынша қылмыстық жауаптан босатылды. Енді ол Қырғызстандағы Сәуір төңкерісінің 10 жылдығына орай қабылданған рақымшылық аясында бостандыққа шықты.

Асылбек уулының түрмеден шыққаны өтпен аптада мәлім болған. Ол кезде экс-депутатты неге босатқаны туралы хабарланбаған еді.

Қазақстан тарапы Асылбек уулуның бостандыққа шығуына қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Асылбек уулу 2019 жылы сәуірде Алматы қаласында 10 жылға сотталған. Сотталушы тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Былтыр қараша айында экс-депутат Қырғызстанға экстрадицияланды.

XS
SM
MD
LG