Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтіруге дайын емес


Өзбекстан үкіметі Қырғызстанға әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде ұсыныс жіберді. Бірақ Қырғызстан үкіметі бұл мәселені қарауға әзір дайын емес.

Қырғызстанның көлік және жолдар министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры бұл мәселены коронавирустың өршуі бәсеңдеп, жағдай жақсарғаннан кейін барып қараймыз деді.

Оның сөзінше, сарапшылар есебі бойынша Қырғызстанда да, Өзбекстанда да эпидемиялық жағдай ауыр.

Бірақ соған қарамастан Қырғызстан Ресейге, Қазақстанға және Кувейтке ұшақ қатынасын қалпына келтіру жөнінде ұсыныс түсірді. Бірақ бұл мемлекеттер әлі жауап бермеген.

Қырғызстан пандемияға байланысты наурыз айынан бері ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатты. Ош пен Бішкек арасындағы рейс маусым айынан бері ұша бастады. Қыркүйек айынан бастап Жалал-Абад-Бішкек бағытында ұшақтар ұша бастайды.

Қырғызстан 7 тамыздан бастап Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі елдерімен әуе қатынасын қалпына келтірген.

XS
SM
MD
LG