Ссылки доступа

Минскіде милиция наразыларды тарқатты


Минскідегі Тәуелсіздік алаңындағы наразылық акциясы

Минскінің Тәуелсіздік алаңына наразылық акциясына шыққандарды милиция күшпен тарқатты.

Куәгерлер ұсталғандардың барын айтады. ОМОН қызметкерлері 100 шақты адамды Қасиетті Симеон және қасиетті Елена шіркеуінде 40 минөт бойы қамап ұстаған. Олардың сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары ұялы телефондағы интернеттің өшірілігенін хабарлады. Олардың сөзінше, интернет алаңға ОМОН күштері келгенде сөнген. А1 провайдері билік тапсырмасымен интернетті сөндіргенін растады.

Минскінің 20 ауданындағы және Минск облысының Сеница елді мекеніндегі Өкілдер палатасының депутаттарын кері шақыртқан. Бұл жөнінде Tut.by хабарлайды.

Беларусьте халық наразылығы жалғасып жатқанына екі аптадан асты. 23 тамыз, жексенбі күні ел астанасы Минск мен өзге де оннан астам қалада, кейбір есептер бойынша, жиыны 200 мыңнан адам қарсылық шеруіне шықты.

Олар ширек ғасырдан астам уақыт билікте отырған Александр Лукашенконы “президент сайлауында 80 пайыз дауыс алды” деп жариялаған Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен келіспей, оны “дауысты дұрыс санамай, өрескел бұрмалады” деп айыптап, Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG