Ссылки доступа

Сох эксклавындағы жанжалдан хабар таратқан блогер он тәулікке қамалды (видео)


Өзбекстанның Ферғана облысы Сох ауданының тұрғыны Дадахон Хайдаров он тәулікке қамалды. Оның YouTube'тегі арнасына 800 мыңнан астам адам жазылған.

Танымал блогердің әкесі Шерали Хайдаров баласын ұстап әкеттеннен кейін оны көрмеген.

– Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағанын да біле алмай отырмыз. Ұлым мемлекет тағайындаған адвокат қызметіне жүгініпті. Адвокат маған ұлымды ешкім ұрмағанын, бірақ ол жылай беретінін айтты. Олар маған басқа ақпарат бермей отыр. Ұлым бар болғаны 22 жаста, ол әлі бала ғой, - деді блогер Дадахон Хайдаровтың әкесі.

Шерали Хайдаровтың айтуынша, оған ұлының қамалғанын растайтын ешқандай құжат көрсетпеген.

25 тамызда Өзбекстанның бас прокуратурасы Сох ауданының алты тұрғыны ұсталғанын, оларға "билік өкіліне қарсылық көрсеткен" және "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан" деген айып тағылғанын хабарлады.

Сох ауданының тұрғындарының айтуынша, үш күннің ішінде "Равон", "Мулгон", "Кызылкия", "Хушёр" және "Чункара" ауылдарының он екі тұрғынын ұстап әкеткен. 26 тамызда тұрғындар 41 адам қамауда отырғанын хабарлады. Бірақ бұл мәліметті ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Еске салайық, 31 мамырда Қырғызстан мен өзбектің Сох эксклавының шекарасында өзбекстандық "Чашма" ауылы мен қырғызстандық "Чечме" ауылының тұрғындары жанжалдасып қалды.

XS
SM
MD
LG