Ссылки доступа

Тәжікстанда коронавирустан қайтыс болған ғалымның жесіріне ас бергені үшін $600 айыппұл салынды (видео)


Тоджигул Гадоева

Екі ай бұрын коронавирустан қайтыс болған тәжік ғалымының жесіріне ас бергені үшін 6 мың сомони (шамамен 600 доллар) айыппұл салынды.

Физика-математика ғылымдарының кандитаты, ғалым Хоким Абдулов биыл мамырдың басында коронавирустан қайтыс болды. Туыстары марқұмды санитария талаптарына сай жерлеген. Ғалымның жесірі Тожигул Гадоеваның айтуынша, билік енді оған айыппұл салып жатыр.

"Бес келі күріш сатып алып, палау бастық. Асқа келген адамдарға тартамыз, қалғанын көршілерге таратамыз деп ойладық. Сол үшін мені сотқа шақыртты. Асқа бар болғаны үш адам келген еді", - дейді жесір.

Оның айтуынша, күйеуінің қазасынан соң отбасында тағы бірнеше адам ауырған, сол себепті көп адам көңіл айтуға келмеген.

"10 келі күріш тарту арқылы Тожигул Гадова дәстүр және ғұрыпты сақтау тәртібі туралы заңды бұзды" делінген Душанбе қаласы Сино ауданы органының мәлімдемесінде.

Штраф за поминальное угощение
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

"Біз күнде тексеру жүргізіп жүрміз. Бір аулада екі отбасы екі қазанға қырық күндікке ас пісіріп жатқанын көрдік. Оларға айыппұл салдық", - деді осы ауданның дәстүр және ғұрыпты сақтау жөніндегі бөлім басшысы Махмадсаид Шарофиддин.

Ұлттық дәстүр және ғұрыпты сақтау тәртібі туралы заңда жерлеу, ас беру, соның ішінде "қырық күндік" рәсімдерінде мал сойып, ас таратуға тыйым салынған. Заң 2007 жылы қабылданған.

Ресми статистикаға қарағанда, биыл ұлттық дәстүр туралы заңды бұзған 322 адамға айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG