Ссылки доступа

Қырғызстанда сайлаушылар алғаш рет тәуелсіз саяси партияны қаржыландырды (видео)


Заседание ЦИК Кыргызстана. 25 августа 2020 года
Заседание ЦИК Кыргызстана. 25 августа 2020 года

Қырғызстан тарихында алғаш рет саяси партия сайлау жарнасын төлеу үшін қаражатты фандрайзинг көмегімен жинады.

Қарапайым тұрғындардың көмегімен қозғалыс өкілдері парламент сайлауына қатыса алады. 20 күнде "Реформа" партиясы 65 мың доллар жинады. Артында ешқандай олигарх немесе ықпалды шенеунік тұрмаған ұйым үшін бұл - ауқымды қаражат.

В Кыргызстане избиратели профинансировали независимую политическую партию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

Партияның кеңсе жиһаздарын сатып алуға ақшасы жоқ. Қалған қаражат екі бөлмелі шағын кеңсе жалдауға кетті.

Қырғызстанда бұл партия ең танымал ұйымдардың қатарына қосылды. Белсенділер, журналистер, мұғалімдер, IT мамандары, тіпті шоумендер бірігіп, ортақ тұғырмана дайындаған.

"Мен өзімді саясаттағы адам немесе саясаткер деп есептемеймін. Мен - саяси еріктімін", - дейді "Реформа" атынан депутаттыққа үміткер тамада.

Ақшасы жоқ, бірақ талабы зор партияны қоғам ұзақ уақыт қабылдамады. Белсенділер Орталық сайлау комиссиясына сайлау жарнасын төлеу үшін ақша жинайтынын жариялағанда, қырғызстандықтар саясатқа ақша береді дегенге ешкім сене қоймаған.

Бірақ бірнеше апта ішінде жаңа партия 5 миллион сом (шамамен 65 мың доллар) жинап, комиссияға сайлау жарнасын төледі. Демеушілердің аты-жөні "Реформа" сайтында жарияланды.

"Адамдар 100 сомнан, 200 сомнан, 150 сомнан берді. Адамдар бізге үміт артып, қолдағысы келеді. Сирек кездесетін жағдай", - дейді "Реформа" партиясының жетекшісі Клара Сооронкулова.

Қаражаттың қалғанын партия мүшелері өз қалтасынан шығарман. Біреуі айлығын берсе, тағы бірі қарыз алған. Журналист Азият Жекшеев автокөлігін кепілге қойыпты. Партия парламентке өтсе, мемлекет олардың жарнасын қайтарып береді. Өтпесе - белсенділер мандатсыз, мәшинесіз қалады.

Бірақ жаңа партияның мүшелері қазірдің өзінде өзін жеңімпаз сезінеді. Өйткені Қырғызстан тарихында алғаш рет парламент сайлауына түсетін үміткерді сайлаушының өзі қаржыландырып отыр.

XS
SM
MD
LG