Ссылки доступа

АҚШ қысымынан соң TikTok басшысы қызметінен кетті


TikTok компаниясының бас атқарушы директоры Кевин Майер қызметтен кетті, деп хабарлады AP.

Топ-менеджердің мұндай шешіміне АҚШ тарапынан жасалған қысым себеп болған. Ақ үйдің пікірінше, танымал видеоқосымшадағы қытай үлесі - АҚШ экономикасы мен сыртқы саясатына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Майер әріптестеріне жазған хатында "саяси жағдай күрт өзгеріп кеткенін", қызметтен кетуіне осы жағдай себеп болғанын айтқан.

Компанияның бас директоры қызметін Ванесса Паппас уақытша атқарады.

Тамыздың басында АҚШ президенті Дональд Трамп қаулы қабылдап, TikTok және WeChat қосымшаларының қожайындары саналатын компаниялар арасындағы келісім-шартты бұзуға 45 күн берген.

Майер TikTok басшылығына мамыр айында келген. Мұндай шешімді ByteDance әлеуметтік желісінің қожайыны қабылдаған.

ByteDance 2017 жылы TikTok қосымшасын іске қосты, одан соң АҚШ пен Еуропадағы жастар арасында танымал Musical.ly видеосервисін сатып алды. Douyin қос сервисін қытай тұтынушылары пайдалана алады.

TikTok қызықты видеоларымен көпшіліктің көңілінен шықты. Қазір оның әлем бойынша миллиондаған қолданушысы бар.

XS
SM
MD
LG