Ссылки доступа

Ядролық сынақтардан азат әлем чемпионы - Назарбаевтың тағы бір атағы


Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық сынақтардан азат әлем чемпионы атағын алды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 26 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған арнайы сессиясында Назарбаевқа осындай атақ берілді. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаевқа тағы бір атақ беру туралы бастаманы Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісім ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо көтерген.

"Елбасының 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі - Ядролық сынақтарға қарсы күрес күнін тағайындауға негіз болды" делінген министрлік ақпаратында.

Биыл шілде айының басында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев монументі Нұр-Сұлтан қаласында ашылды.

Республикада Назарбаев құрметіне астананың, көше аттары берілген. Бұған қоса, үкімет Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайды саясаткер құрметіне атады. Назарбаевтың суреті ұлттың валютаға басылған.

XS
SM
MD
LG