Ссылки доступа

Өзбекстанға экстрадицияланған журналист тергеу абақтысында азапталғанын айтты


Қырғызстанда ұсталып, Өзбекстанға экстрадицияланған журналист Бобомурод Абдуллаев адвокаттары арқылы ашық мәлімдеме жасады.

Оның адвокаты Тимур Карабаев мәлімдегендей, Абдуллаев қырғыздың тергеу абақтысында азапталған.

Арнайы қызмет өкілдері оған адвокатпен байланысуға мүмкіндік бермеген. Ұялы телефоны күшпен тартып алып, тұрған пәтеріне заңсыз тінту жүргізген. Өзбекстанға экстрадициялау туралы құжатқа адвокатынсыз қол қойдыруға мәжбүрлеген. Тергеушінің бірі орамалмен буындырған. Ол наразылық ретінде 12-15 тамыз аралығында аштық жариялапты.

Қырғызстанның арнайы қызметі Бобомурод Абдуллаевтың мәлімдемесіне қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Сенбі, 22 тамыз күні кешке Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Өзбекстанның өтініші бойынша журналист Бобомурод Абдуллаевты Ташкентке бергені белгілі болды.

Қырғызстан қауіпсіздік комитеті өз елінде «конституциялық құрылымға қол сұқты» және «президентке қол сұқты» деп айыпталған Абдуллаевты 8 тамыздың кешінде Бішкектегі дәмханалардың бірінен ұстаған. Комитет журналисті Өзбекстан өтініші бойынша ұстағанын мәлімдеген. 10 тамыз күні

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бішкекті Өзбекстанға бермеуге шақырып, оған Германияға кетуге рұқсат беруді сұраған. Human Rights Watch экстрадиция жасайтын болса, «Абдуллаевты азаптауы мүмкін» деп мәлімдеді.

Бобомурод Абдуллаев Қырғызстанға биылғы ақпанда Орталық Азиядағы Америка университетінің шақыруы бойынша келген. Журналист университетте төрт айлық оқу бағдарламасына қатысты. Алайда оқудың аяқталуы Қырғызстанның коронавирус пандемиясына байланысты шекарасын жабуына тап болып, Еуропаға ұшып кете алмады. Қырғызстанға келмес бұрын ол бірнеше ай бойы Германияда тұрған. Ол елге Абдуллаев Өзбекстан түрмесінен босап шыққан соң «Шекарасыз тілшілер» ұйымының шақыруымен барған.

XS
SM
MD
LG