Ссылки доступа

Тәжік әншісінің қазасына әкелген жол апатына кінәлі деген күдіктіге қылмыстық іс қозғалды


Ислом Анварзода
Ислом Анварзода

Душанбе қалалық прокуратурасы Фирдоуси ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Ислом Анварзодаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол тәжіктің танымал әншісі Бахром Гафуридың қазасына әкелген жол апатына себепші болды деп айыпталады.

Қайғылы оқиға 7 тамызда Душанбе қаласының Рудаки даңғылында болған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі мәліметінше, КамАЗ көлігімен соқтығысқан Land Cruiser 200 көлігі Ислом Анварзодаға тиесілі болған. Ол мас күйінде көлік жүргізген. Көлікте болған әнші Бахром Гафури қайтыс болған.

Жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түскен Анвар Исломзода есін жиды деп хабарлайды дәрігерлер. Анварзоданың сол қолы мен оң аяғы сынған. Отаны ауыр қабылдаған, қазір жағдайы бір қалыпты дейді дәрігерлер.

XS
SM
MD
LG