Ссылки доступа

Белсенділер "Қырғызстан" партиясының пайдасына шешілген сот шешіміне қарсы митинг өткізбекші


28 тамызда "Қырғызстан" партиясының Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) қарсы жазған арызын қанағаттандырған Бішектің әкімшілік сотының шешіміне қарсы митинг өтеді.

"Чоң казат" партиясының лидері Сыймык Жапыкеев "олигархтар қайтадан жеңіске жетті" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, олар сот шешімінің жойылуын талап етеді. Белсенді Улан Үсөйүн мерзімсіз митинг ұйымдастыруға шақырды.

"Ата Мекен" партиясынан үміткер Тилек Токтогазиев "Қырғызстан" партиясын сайлауға қатыстырмау туралы ОСК шешімі заңды деп есептейді.

"Біз заңдылық үшін шығамыз. Соттың шешімі "егер құжаттарды ресми құзырлы өкілі алып келмесе, партия тіркеуге алынбайды" деп жазылған конституциялық заңға қайшы келеді", - дейді ол.

27 тамызда Бішкектің әкімшілік соты "Қырғызстан" партиясының ОСК-ға жазған арызын қанағаттандырған. Сот шешіміне сәйкес, ОСК партия құжаттарын қабылдауы тиіс.

ОСК 24 тамызда партиялардан тиісті құжаттарды қабыл алуды аяқтап, 17 партия құжаты ережелерге сәйкес келетінін хабарлаған. Бірақ заңды бұзды деген негізбен "Қырғызстан" партиясының құжаттары 25 тамызда кері қайтарылған. Бұған құжаттарды кешігіп тапсыру және ресми құзырлы өкілдің келмеуіне байланысты себептер негіз болған.

Қырғызстанның 120 мандатты Жогорку Кеңешіне сайлау 4 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG