Ссылки доступа

Қырғызстан тәуелсіздігі күні президент қатысатын мерекелік шара онлайн өтеді


31 тамызда "Ала-Тоо" алаңында Қырғызстан тәуелсіздігі күніне орай мерекелік шара өтеді. Оған президент Сооронбай Жээнбеков қатысады. Бұл туралы Республикалық шұғыл штаб хабарлады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескерген ұйымдастырушылар мерекелік шараны бір сағат онлайн-форматта өткізеді. Оны республикалық телеарналар көрсетеді.

"Көпшілік шаралар мен халық серуені болмайды. Сағат 22:00-де "Ала-Тоо" алаңында мерекелік отшашу атылады" деп хабарлады штаб.

Қырғызстанда 43587 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 37 мың 726 адам жазылып шыққан, 1 мың 58 адам қайтыс болған.

Еске салайық, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі 18 тамызда COVID-19 статистикасын қайта қарап, өлім көрсеткішін үш есеге қысқартты.

XS
SM
MD
LG