Ссылки доступа

Тәжіктің "Сомон Эйр" әуе компаниясының лайнері Беларуське чартер рейсін жасайды


"Сомон Эйр" әуе компаниясы 30 тамызда Душанбе-Минск және Минск-Душанбе бағыттарында чартер рейсін жасайды.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, республикалық штаб осындай шешім қабылдаған.

Чартер рейсі Беларусь пен Украинадағы тәжік студенттерін, сонымен бірге азаматтарды елге жеткізеді. "Тәжікстанның Киев пен Минскідегі елшіліктері Беларусь пен Украинаның басқа да қалаларындағы студенттердің астанаға жеткізуге көмектеседі" делінген хабарламада.

Душанбе-Минск бағытына билеттерді "Сомон Эйр" әуе компаниясынан ала алады.

Сыртқы істер министрлігінің ескертуінше, Тәжікстанға оралатын азаматтар коронавирус жоқ екенін дәлелдейтін анықтама алуы тиіс. Үш жасқа толмаған балаларға мұндай анықтама қажет емес.

XS
SM
MD
LG