Ссылки доступа

Өзбекстандағы Қайырымдылық қоры басшылығы COVID вирусына қарсы бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталып жатыр


Өзбек билігі "Мейірімділік және денсаулық" қайырымдылық қорының басшылығын коронавирус пандемиясына қарсы күреске деп бөлінген қаржының 273 мың долларын жымқырды деп айыптады.

Елдің бас прокуратурасы қайырымдылық қордың басшысы Асрол Мирзахмедов пен бірнеше қызметкер өзара келісіп, медициналық құралдар мен дәрі-дәрмекті тым қымбат бағаға сатып алдық деп көрсетіп, ақша жымқырған деп мәлімдеді.

Олардың ұсталған, не ұсталмағаны туралы айтылмады.

Бірақ күдіктілерге ресми айып тағылды. Кінәлары анықталса, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Соңғы айда "Мейірімділік және денсаулық" қорына COVID-19 вирусына қарсы күреске арналған әртүрлі жобалар бойынша миллиондаған доллар қаржы түскен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ресейлік олигарх Алишер Усмановтың өзі Ташкенттегі ауруханаларға заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін 20 млн доллар бөлген.

XS
SM
MD
LG