Ссылки доступа

Қазақстанда Covid науқастары 111 адамға артты


30 тамыз күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавирус инфекциясы 111 адамнан анықталды.

Вирус жұқтырған 60 адамда ауру белгілері болған, 51 адамда Covid симптомдары байқалмаған. Шымкент қаласында, Маңғыстау және Қызылорда облысында бір де бір науқас тіркелмеді.

Тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысында 20, Қарағанды облысында 19, Алматы қаласында 12 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында 3, Алматы облысында 2, Жамбыл облысында 2 және Ақтөбе облысында 1 науқас тіркелді.

Қазақстанда эпидемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР талдауымен расталғандар саны 105 795 адамға жетті. Оның 96 297-сі жазылып шыққан, 1,5 мыңнан астамы қайтыс болған.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында – 14222 (+12 адам жаңадан қосылған),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -13822 (+3),
  • Атырау облысында – 10916 (+11),
  • Қарағанды облысында – 10086 (+19),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 8181 (+20),
  • Батыс Қазақстан облысында – 6749 (+5),
  • Шымкент қаласында -5174 (+0),
  • Алматы облысында – 4894 (+2),
  • Жамбыл облысында – 4081 (+2),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 3940 (+11),
  • Павлодар облысында – 3834 (+6),
  • Қостанай облысында – 3408 (+8),
  • Ақмола облысында – 3386 (+6),
  • Маңғыстау облысында – 3334 (+0),
  • Түркістан облысында – 3319 (+5),
  • Қызылорда облысында -3231 (+0),
  • Ақтөбе облысында -3218 (+1).

Бүгін, 31 тамыз - Қазақстанда Конституция күніне байланысты демалыс күні. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндеріне енгізілген карантин шектеулері бүгін де күшінде болмақ. Яғни бүгін сауда-сауықтыру орталықтары, сұлулық салондар, фитнес орталықтары және бірқатар өзге қызмет көрсету орталықтары жабық. Алайда ертеңнен бастап карантин шектеулерін алудың екінші кезеңі басталады. Мешіттер, спорт залдары, бассейндер, музейлер мен театрлар ашылады. Ұлттық парктер мен қорықтарға баруға рұқсат беріледі.

XS
SM
MD
LG