Ссылки доступа

Қытай СІМ: Чехия сенатының басшысы Тайванға сапары үшін "жоғары құн" төлейді


Қытай сыртқы істер министрі Ван И Чехия сенатының спикері Милош Выстрчил Тайваньға ресми сапармен барғаны үшін «жоғары құн» төлейді деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

"Біз оған ойланбай жасаған әрекеті мен саяси оппортунизм үшін жоғары құн төлеткіземіз" деді Ван И.

Оның сөзінше, "Бір Қытай" қағидасына күдік келтіргеннің бәрі Қытайдың жауына айналмақ. Ван И Чехия сенаты спикерінің Тайваньға сапарын «ашық арандату» деп атады.

Выстрчил Тайваньға жексенбі, 30 тамыз күні келген. Ол бұл сапардың Тайвань мен Чехия Республикасы арасындағы іскерлік қарым-қатынастың дамуына әкелетінін айтып, Чехияның Пекиннің қарсылығына қарамайтынын мәлімдеді.

Тайваньнің саяси мәртебесі даулы. Қытай оның өзінің әкімшілік аймағы санайды, бірқатар ел оны бөлек ел санап, онымен бейресми дипломатиялық байланыс орнатқан. Қытай мұны ел территориясының тұтастығына қол сұғу деп бағалайды.

Выстрчил бастаған делегацияға тоқсанға жуық кәсіпкер мен саясаткер кірді. Олардың қатарында Прага мэрі Зденека Гржиба да бар. Чехия сенаты спикерінің ресми сапары 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Выстрчилдің Тайваньға сапарына Чехия президенті Милош пен ел премьер-министрі Андрей Бабиш те қарсы шықты. Ал сапардың өзі Чехиядағы ҚХР елшілігінің наразылығын тудырды.

Саясаттанушылар сенат спикерінің сапары Чехия мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG