Ссылки доступа

Қырғызстан Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр


Празднование Дня независимости КР в городе Оше, 31 августа 2018 г.
Празднование Дня независимости КР в городе Оше, 31 августа 2018 г.

Қырғызстан 31 тамыз - Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр.

Биыл елде коронавирус пандемиясына байланысты мерекелік шаралар өтпеді. Бішкектегі Ала-Тоо алаңында ғана мерекелік жиын ұйымдастырылды, оған ел президенті Сооронбай Жээнбеков қатысты. Онлайн-форматта өткен шараны республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

– Биыл тәуелсіздік мерекесі пандемия кезінде өтіп жатыр. Халқымыз сын сағатта бірлік танытты. Әрбір адамның өмірі маңызды екенін сөзбен емес,іспен дәлелдедік, - деді мемлекет басшысы.

Сооронбай Жээнбеков сыртқы саясат мәселелеріне де тоқталып өтті. "Батыс елдерінің барлығымен ғана емес, Шығыс елдерімен де дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтамыз" деп мәлімдеді президент.

Қырғызстан тәуелсіздігі туралы декларация 1990 жылы 15 желтоқсанда елдің Жоғары кеңесінде қабылданды. Ал 1991 жылы 31 тамызда парламент Тәуелсіз мемлекет туралы декларацияны мақұлдады.

Тәуелсіздік жылдары Қырғызстанда екі мәрте революция және бір мәрте ұлтаралық қақтығыс болды.

XS
SM
MD
LG