Ссылки доступа

АҚШ-та Түркіменстан Конституциясының өзгеруіне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр


Акция протеста граждан Туркменистана в Вашингтоне, 29 июля, 2020
Акция протеста граждан Туркменистана в Вашингтоне, 29 июля, 2020

АҚШ-тағы түркімен белсенділері Түркіменстан президентінің саясатына және Конституцияның өзгеруіне қарсы наразылық акциясын өткізді.

Белсенділердің алғашқы наразылық акциясы 30 тамызда Хьюстонда ұйымдастырылды. Екінші акция 1 қыркүйекте Вашингтонда өтеді. Белсенділер түркімен елшілігінің алдында жиналып, одан соң Конгресске қарай жүреді.

Үшінші наразылық акциясы 2 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында өтеді.

19 тамызда Түркіменстан президенті, сонымен бірге Конституциялық комиссия төрағасы Гурбангұлы Бердымұхамедов "Түркіменстан Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Заң жобасын 25 қыркүйекте Халық Мәслихаты қарайды.

Түркіменстан Конституциясына қандай өзгеріс енгізілетіні хабарланбады.

Түркімен үкіметін сынаушылар бұл заң президент Гурганбұлы Бердымұхамедовтің билігін нығайтуды көздейді деп отыр.

XS
SM
MD
LG