Ссылки доступа

Өзбекстан бас прокуратурасы Ферғана басшысының қызметтен кетуін талап еткен блогерге қатысты мәлімдеме таратты


Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 22 жастағы блогер Дадахон Хайдаров Ферғана облысы Сох ауданындағы тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іске күдікті ретінде ұсталған.

Youtube-арнасында 800 мыңнан астам көрермені бар видеоблогер Хайдаржон Бобохайдаров (лақап аты Дадахон Хайдаров) он тәулікке қамалған. Сох ауданына өзбек-қырғыз шекарасындағы жанжалды реттеу үшін барған премьер-министр Абдулла Ариповпен кездесуде блогер Дадахон Хайдаров (Хайдаржон Бобохайдаров) үкімет басшысынан Ферғана басшысы Шухрат Ганиевті қызметтен алуын сұраған.

25 тамызда Бас прокуратура Сох ауданының алты тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Олар 31 мамырда Сох эксклавында жаппай тәртіпсіздік жасады деп айыпталды.

Бас прокуратураның 30 тамызда таратқан мәлімдемесіне қарағанда, блогерге әлі айып тағылмаған.

Еске салайық, 31 мамырда Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында өзбектің "Чашма" ауылы мен қырғыздың "Чечме" ауылының тұрғындары жанжалдасып қалды. Оған мыңнан астам адам қатысты.

XS
SM
MD
LG