Ссылки доступа

Тәжікстанда сот бес балалы ананы далаға қуып шықты


Тәжікстанда сот орындаушылары бес балалы ананы далаға қуып шығып, баспанасын мөрлеп кетті.

Матлюба Иззатованың айтуынша, бұл үйді ол 14 жыл бұрын енесінен алған, енді бес баласымен далада түнеуге мәжбүр. Әйелдің бұрынғы күйеуінің туыстары болса бұл үй олардың заңды меншігі екенін мәлімдеп отыр.

25 жыл бұрын Матлюба тұрмысқа шыққан. Алты жыл бұрын күйеуі Ресейге жұмысқа кетіп, сол күйі оралмады.

"14 жыл бұрын енем мені осы үйге кіргізді. 2013 жылы өрт болып, үйді толық жөндеп шықтық. Жақында қайынбикем келіп, үйде тартып алатынын айтты", - дейді Матлюба.

46 жаста әйелдің күйеуінен ешқандай хабар жоқ.

"Ол бұл үйде бірнеше жыл тұрды, бірақ балаларына дұрыс қарамады. Біз оған балаларыңа қара деп айттық, ол тыңдағысы келмеді. Біз сотқа шағымдануға мәжбүр болдық", - дейді Матлюбаның қайынбикесі Марта.

Матлюба балаларымен он күннен бері далада түнеп жүр. Олардың баратын жері жоқ.

XS
SM
MD
LG