Ссылки доступа

Трамп: қалалардағы зорлық-зомбылықты күшпен ғана тоқтатуға болады


АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, демократтар басқаруындағы қалаларда зорлық-зомбылықтың күшеюін күшпен ғана тоқтатуға болады.

– Демократтар басқаратын, қылмыс деңгейі жоғары қалалардағы зорлық-зомбылықты тоқтатудың жалғыз жолы - күш! - деп жазды Трамп Twitter’де.

Ол полицияға қарсы наразылық акциясы жүріп жатқан Портленд мэрін айыптады. Жексенбіге қараған түні мұнда қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты.

– Тед Уилер, біртүрлі солшыл радикал, Портленд қаласының қолынан іс келмейтін демократ мэрі, қарамағындағы қаланың қирап жатқанына қарап отыр, – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Уилер мемлекет басшысына былай жауап берді:

– Президент мырза, Сіздің осы жазғаныңыздың пайдасы бар деп ойлайсыз ба? Агрессия, әріптестікке жатпайды.

Жексенбіге қараған түні Портлендте Black Lives Matter қозғалысының өкілдері мен Трамп жақтастары қақтығысқан.

Демократиялық партия атынан президент сайлауына түсетін Джо Байден Портлендтегі зорлық-зомбылықты сынады.

XS
SM
MD
LG