Тауға шығуға да жол ашылады. Білім беру мен дамыту орталықтарының жұмысына рұқсат етілді. Сонымен бірге мектептер жалпы адам санын 180-нен асырмай жұмыс істеуіне болады. Бір сыныпта 15-тен артық оқушының отыруына болмайды. Балабақша жұмысы да қалпына келеді.
Бірақ Бекшин қаулысына сәйкес, демалыс және мереке күндері сауда, ойын-сауық мекемелері мен базарлар, мешіттер жұмыс істемейді.
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай ушығып кеткеннен кейін, 5 шілдеден карантинді қайта енгізген. 17 тамыздан бері шектеуді жеңілдетті. 31 тамыздан бастап қосымша шектеу шаралары алынды.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 105,7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып, 1588 науқас қайтыс болған.