Ссылки доступа

Тәжікстандағы Социал-демократиялық партия президент сайлауына бойкот жариялады


Тәжікстандағы Социал-демократиялық партия биыл қазан айында өтетін президент сайлауына бойкот жариялады.

Аталған партия төрағасы Рахматилло Зойиров Facebook парақшасына 11 қазанда өтетін президент сайлауына бойкот жариялағанын жазды. Мұндай шешім партияның саяси кеңесінде қабылданған.

Зойиров президент сайлауын 11 қазанда белгілеу заңсыз деп, қысқа мерзімде 250 мың қол жинау мүмкін емес деді.

Ол сонымен бірге ел президенті Эмомали Рахмон Халықтық-демократиялық партияның тізгінін әлі қолына ұстап отыруы заңсыз екенін айтып, елді бірпартиялық жүйеге айналдырып жіберді деді.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хатшысы Навруз Самадзода 31 тамызда берген сұқбатында партияның бойкот жариялауы өз шешімі деп атап өтті.

11 қазанда өтетін президент сайлауына қазіргі президентпен қоса 5 адам тіркелді. Атап айтқанда, Аграрлық, Социалистік, Демократиялық және Экономикалық даму партиясының өкілдері.

Халықтық-демократиялық партия сайлауға кандидатын әлі ұсынбады. Бірақ 26 тамызда Рахмонды Тәжікстан кәсіподақ федерациясы президенттікке ұсынды.

XS
SM
MD
LG