Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қырғызстан арасында тек "Дустлик" шекара бекеті ғана ашылады


Қырғызстан үкіметі 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтарына еліне кіруге рұқсат береді. Бірақ қырғызстандықтар Өзбекстанға бара алмайды.

Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның сөзінше, көрші ел азаматтарына кіруге рұқсат беруінің себебі, Өзбекстан COVID-19 вирусының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсарған елдердің қатарына енген.

Әзірге екі ел арасында тек "Дустлик" шекара бекеті ғана ашылады.

"Мысалы, Қырғызстанға Қазақстанда немесе Тәжікстанда жүрген өзбек азаматтары да кіре алады. Құжатқа сәйкес, Мәскеуден не Сингапура келді ме, кез-келген Өзбекстан азаматы Қырғызстанға еркін кіре алады", - деді Борубаева.

Ал әзірге қырғыз азаматтары үшін Өзбекстан шекарасы жабық. Егер туысы қайтыс болып, не емделу қажет болған жағдай да ғана көрші елдерге бара алады.

Қазақстанмен де дәл осындай жағдай. Қазақстан азаматтары Қырғызстан аумағына еркін кіре алады. Бірақ қырғыз азаматтары қазақ жеріне өте алмайды.

Қырғызстан 31 елдің азаматтары үшін шекарасын ашты. Олар - Ресей, Грузия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түркіменстан, Бельгия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт және Жапония.

XS
SM
MD
LG