Ссылки доступа

Өзіне қол салмақ болған тәжік министрі қызметінен алынды


Худоёр Худоёрзода
Худоёр Худоёрзода

Тәжікстанның көлік министрі Худоёр Худоёрзода қызметінен алынды. 31 тамыздағы президент жарлығына сәйкес, ол зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен.

Президент жарлығына сәйкес, оның орнына вице-премьер болған Азим Иброхим тағайындалған.

62 жастағы Худоёра Худоёрзода 11 тамызда өзіне қол салмақ болған. Тәжікстанның бас прокуратурасы Худоёр Худоёрзода «отбасында туындаған жанжалға байланысты пышақ алып, өзіне қол жұмсамақ болды» деген хабар таратқан. Ол ауруханаға түскен.

Худоёр Худоёрзода 2017 жылдан бері көлік министрі болып жұмыс істеген. Оған дейін Таулы-Бадахшан автономды облысынан сайланған тәжік парламентінің жоғарғы палатасының депутаты болған.

Көлік министрі болып жаңадан тағайындалған 58 жастағы Азим Иброхим осыған дейін вице-премьер қызметін атқарып, тәжік-қырғыз үкіметаралық комиссиясын басқарған.

XS
SM
MD
LG